Бұл Профи-инвестор санатыңызды жоғарылатуға көмектеседі

Жеке инвестордың 7- ережесі: әрқашан инвестициялауды оқып-үйрен.

Жеке Инвестор Академиясының бүкіл командасы алған білімін бірден іс жүзінде қолдана отырып, үздіксіз оқу үстінде. Біз оқу бағдарламаларында тыңдаушыларымызға шынымен көмектескен, пайдалы болатын нәрселерді бөлісіп отырамыз. Сондықтан үнемі жаңа дүниелерді қосып,  қолайлы болу үшін форматтарды жаңартып отырамыз.

Міне, тағы да!

Инвестициялау ғылымын оқып-зерттеуге кіріскен, бастапқы немесе ортаңғы деңгейлі «Профи-инвестор» бағдарламасының (бейнекурс форматында) тыңдаушысы болған, бұнымен тоқтап қалмайтынын анық білетіндер үшін тамаша жаңалық!

Енді өзіңіздің Профи-инвестор санатыңызды көтере аласыз.

Егер «3 санатты Профи-инвестор» бағдарламасына төлем жасаған болсаңыз – санатыңызды 2 немесе 1-ге дейін, «2 санатты Профи-инвестор» бағдарламасына төлем жасаған болсаңыз – санатыңызды 1-ге дейін көтеруге мүмкіндігіңіз бар.

Санатыңызды жоғарылату үшін ағымдағы ЖИА жеке кабинетіндегі «Профи-инвестор: санатты көтеру» ұсыныстарын пайдаланыңыз.

Оқу материалдары төлем жасалған сәттен бастап, 1-3 жұмыс күні ішінде қолжетімді болады, оларды ЖИА жаңа жеке кабинетіндегі «Менің оқуым» бөлімінен табасыз. Төлем түбіртегі тексеріліп, қолжетімділік іске қосылғаннан кейін электронды поштаңызға оқу сілтемесі жіберіледі.

Ешкім сені оқуға мәжбүрлей алмайды.

Сен өзің қалаған кезде ғана оқисың.

Ричард Бах